Әлеуметтік желілер және сайлау

20 Қараша 2022, 17:20
1188
Бөлісу:
Әлеуметтік желілер және сайлау

Әлеуметтік желілер сайлау науқанында коммуникация және сайлауалды үгіттің белсенді арнасы ретінде біршама маңызды рөл атқарды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Алия Мұсабекова пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтанулық сауалнамалардың деректері бойынша қазақстандықтардың жетекші әлеуметтік желісі – Instagram, бұл қосымшаны сауалнамаға қатысқандардың 66% пайдаланады. Ал екінші орынға  38%-бен Youtube жайғасты. Оған қоса, азаматтар әлеуметтік желілерді жай ғана уақыт өткізу үшін емес, ақпарат көзі ретінде пайдаланады. Алгоритмі  шамамен келесідей: адам Instagram-ға кіреді, қызықты жаңалықты көреді, егер толығырақ, егжей-тегжейін және сарапшылардың пікірін білгісі келсе, Youtube-тың көмегіне жүгінеді.

Тағы да бір тұрақты тренд – пайдаланушылардың көбі ақпаратты қазақ тілінде алуды қалайды. Сәйкесінше, қазақ тіліндегі контенттің, оның ішінде саяси тақырыптардағы контенттің көлемі артуда, - деді ол

Әлеуметтік желінің қазақ буынында жұмылдырудың деңгейі жоғары, бұл мультфильм немесе шетелдік әртістерге қатысты оқиғаларға қарағанда сәтті шыққан науқандардан көрініп тұр.

Ағымдағы сайлау мерзіміне қатысты үміткерлерді жарнамалау үшін таргет құралы жиі пайдаланатынын байқадым.  Тіпті Stories және YoutubeAds арқылы қысқа бейне кесінділерді күнде көрдім десе де болады.

Басқа платформаларға қатысты TikTok аудиториясының қарқынды өсуін атап өтпеуге болмайды. Бұрын әлеужелілер жас ерекшелігі бойынша бөлінетін. Мысалы Facebook – аға буын, сарапшылар, шенеуніктер, байсалды адамдар «көп әріпті» болса, Instagram – жастары шамамен 25–35 аралығындағы аудитория, ал TikTok-ты кілең оқушылар  пайдаланатын. Қазір жағдай өзгерді. TikTok «есейді», оған қоса төлеуге қабілетті 32-ден бастап 58%-ке дейін өскен аудиторияның арқасында. Бұл ненің белгісі? Кешегі  тинейджерлер бүгінде жақсы табыс табады.  Қызықтысы, осы аспектіде пайдаланушылардың төлемге қабілеттілігі деңгейінде TikTok Telegram-нан да асып кетті, - деді  спикер.

Бұл тұрғыда жалпы қандай тұжырым жасауға болады? 

Сайлауға дайындық кезінде жалпы сайлау процесінде аудиториялар мен коммуникация арналарына талдау жүргізу қажет. Халықтың жартысы – 35 жастан кіші жастар екенін ескерсек, әлеуметтік желілер саяси қайраткерлер мен азаматтардың «кездесу орны» және саяси коммуникациялардың негізгі құралына айналғанын аңғаруға болады, - деді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Алия Мұсабекова.

Өзгелердің жаңалығы