Атыраулық атқамінерлер әлеуметтік желі арқылы халыққа есеп береді

22 Қаңтар 2019, 19:11
5412
Бөлісу:
Атыраулық атқамінерлер әлеуметтік желі арқылы халыққа есеп береді

Атырау, BAQ.KZ. ​Есеп беру Атырау облыстық әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

​Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаевтың айтуынша, әлеуметтік желілерде есеп беру ақпан айында басталады және тұрақты түрде жүргізіледі.

​-2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілердегі Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы апта сайын есеп беретін болады. Бұл-уақыт талабы. Облыс тұрғындары Facebook  немесе Instagram желілері арқылы үйлерінен шықпай-ақ тікелей байланыспен сұрақтарын қоя алады,-дейді С.Ерментаев. -Мемлекеттік орган басшылары Live режимде барлық сұрақтарға жауап береді, әлеуметтік желілердің бір артықшылығы, спикерлер эфир уақытына тәуелді емес.

​2019 жылдың ақпан айында Атырау облыстық әкімдігі басқармалардың басшылары есеп бере бастайды.

​Сонымен қатар, Атырау облысында Telegram қосымшасында чат-канал жұмыс істейді. 7 мыңнан астам адам тіркелген «Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді қосымшасы да бар. Әр апта сайын мемлекеттік орган басшылары Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында, облыстық телеарнада тікелей эфирге шығып, журналистер мен телекөрерменнің сауалдарына жауап береді.

Өзгелердің жаңалығы