Әлеуметтік төлем, сыйақы: Қошанов халықтың қандай проблемасы шешілгенін атады

Бөлісу:
Әлеуметтік төлем, сыйақы: Қошанов халықтың қандай проблемасы шешілгенін атады
Фото: BAQ.KZ архив

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов халық көтерген қандай мәселе шешімін тапқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол тұрғындар көтерген түйткілді проблемалар Үкімет деңгейінде талқыланып, ортақ шешімдер табылып келе жатқанын айтты.

Мысалы, өңірлерге сапарымыз кезінде ең жиі көтерілген мәселенің бірі – зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдардың жағдайы еді. Бұл жылдар бойы айтылып келді. Былтыр сол түйткіл шешімін тапты. Оларға қосымша әлеуметтік төлем төлеу мәселесін заңмен бекіттік. Бұл шахтада, карьерлерде, металлургиялық цехтарда зиянды әрі қауіпті жұмыс істеп жүрген жүз мыңдаған жұмысшыны қамтыды, - деді Қошанов.

Сонымен қатар депутаттар ауыл-аймақты аралағанда балалардың құықығын қорғау мәселесі жиі көтерілді.

Әсіресе, балабақшаларға талаптарды күшейту керек деген өтініштер айтылды. Соған байланысты депутаттар Үкіметпен бірге тығыз жұмыс істеп, балабақшаларға лицензия беру тәртібі қайтарылды. Таяу күндері ғана біз осы мәселе бойынша тиісті заңды қабылдадық. Өңірлерде дарынды балаларды және халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарын қолдау мәселесін де сайлаушыларымыз үнемі көтеріп жүр. Бұл да шешілді. Енді жетістікке жеткен жас-жеткіншектер Қазақстанның кез келген оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ түсе алады. Оған қоса, 6 млн теңгеге дейін бір реттік төлем беріледі, - деді Мәжіліс спикері.

Енді бұл оқушыларды дайындаған тәлімгерлерді, мұғалімдерді де ынталадыру қарастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы