Әлеуметтік салық алынып тасталса, облыстық бюджет қалай толтырылады?

Бүгiн, 12:14
151
Бөлісу:
Әлеуметтік салық алынып тасталса, облыстық бюджет қалай толтырылады?
Фото: BAQ.KZ

Сенатор Бекболат Орынбеков қосымша құн салығы мөлшерлемесінің көтерілуі мен әлеуметтік салықты алып тастауға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтің соңғы мәлімдемелеріне сүйене отырып, бүгінгі таңда көп талқыланған мәселелердің бірі қосылған құн салығының мөлшерлемесін қазіргі 12 пайыздан 20 пайызға дейін арттыру болып отыр. Егер осы ұсыныс толық шешім тапқан жағдайда әлеуметтік салықты жою ұсынылады. Аталған салық негізінен жергілікті бюджеттің төрттен бірін құрап, маңызды кіріс көзінің біріне айналған. Бұл бәрімізге белгілі. Бүгін қарап отырған Бюджет кодексінде бөлу нормативтеріне сәйкес, әлеуметтік салық облыстық және аудандық бюджетте қалды. Ал кейбір корпоративті және жеке табыс салықтары үшінші, төртінші деңгейге беріліп отыр. Бұл қаншалықты орынды екені депутаттардың арасында қатты талқыланған болатын. Егер әлеуметтік салық жойылатынын ескерсек, онда қандай кіріс көздері, әсіресе, облыстық бюджетке қалады? Бұл мәселе өте маңызды. Мұндай жағдайда шығындардың болжамды сомасы қандай және облыстық бюджет қалай өтеледі?-деді депутат.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі уақытта ҚҚС-тың деңгейі қандай болатыны жөнінде әлі шешім қабылданған жоқ.

Қазір облыстық бюджеттерде тек осы әлеуметтік салық қалды. Қалғандарының бәрін үшінші, төртінші деңгейге бердік. Бүгінде басқа еңбекақы төлеу қорынан төлемдерді алып тастаймыз деген шешім қаралып жатыр. Қазір басқа ұсыныстар түсіп жатыр. Нақты айтайын қазір максималдық деңгейде болса облыстардың шығыны 1,6 трлн. Бірақ біздің Үкімет бюджетінің кірісі 5-7 трлн болады. Сол себептен қаражат толығымен жетеді. Трансферт арқылы жергілікті бюжеттерге субвенция беру туралы. Тағы да қайталап айтамын, шешім әлі қабылданған жоқ. Мысалы, ертең облыстық бюджеттерде қаражат жетпесе, осы жылы тағы да үш жылдық цикл басталады. Онда әрине әрбір облыстың жағдайын қараймыз,- деді ол.

Айта кетейік, жаңа салық реформасы экономикаға қандай өзгеріс әкелетіні туралы осыған дейін жаздық.

 

Өзгелердің жаңалығы