Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 34,3 мың объектісінің 96,6%-ы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру мақсатында бейімделді.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 34 301 объектінің (мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мәдениет үйлері, теміржол және автовокзалдар, әуежайлар және т.б.) жалпы санынан жергілікті атқарушы органдар 33 642 объектіге паспорттау жүргізді.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта жағдайларының сақталуын, яғни пандустарды, дыбыстық / визуалды / акустикалық / сезгіш құрылғыларды, ақпараттық белгілерді орнатуды, тұрақ үшін орындар бөлуді және т. б. қамтамасыз ету үшін паспорттау жүргізілді, мұндағы мақсат әрбір қазақстандық өзінің денсаулығына қарамастан, осы объектілерге кіре алуы керек.
Паспортталған объектілердің жалпы санынан 24 452 нысан бейімделуге жатады, оның ішінде 23 314 объект бейімделді. Осылайша, паспортталған объектілердің жалпы санының 96,6% бейімделуі қамтамасыз етілді.
Объектілерді 100% бейімдеу Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жүзеге асырылды. Батыс Қазақстан облысында – 99,4%, Атырау облысында – 98,6%, Ақтөбе облысында – 98,5%, Қызылорда облысында – 98,1%, Маңғыстау облысында – 97,3%, Шымкент қаласында – 96,1%, Павлодар облысында – 96%, Нұр сұлтан қаласында-95,4%, Түркістан және Қостанай облыстарында – 95%, Жамбыл облысында – 94%, Алматы облысында – 92,2%, Ақмола облысында – 83,3%.