Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын асырған кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

18 Маусым 2023, 13:29
651
Бөлісу:
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын асырған кәсіпкер жауапкершілікке тартылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Семейлік кәсіпкер жеткізушілерден 1 келі үшін 380 теңгеден "қарақұмық" сатып алып, оны 650 теңге сатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз арттыруға көп көңіл бөлініп жатыр. 

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің негізгі мақсаттарының бірі - Абай облысының даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ішкі сауданы реттеу. Осыған сәйкес, өңірлік тексеру комиссиясының ұсынысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемалар облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімовтың төрағалығымен, Департаментпен электрондық шот-фактуралардың деректеріне талдау жүргізіледі. 

Биылғы жылдың мамыр айында Департамент атына Семей қаласының кәсіпкерлік бөліміне облыс орталығының дүкендерінен қарақұмық жармасына бағаның көтерілуі мүмкін екендігі туралы хат келіп түсті. Тексеру барысында сатумен айналысатын кәсіпкер шекті мөлшерден асып, заң бұзушылық жасаған, қарақұмық жармасына арналған сауда үстемесін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын 30%-ға асырған . Яғни, бұл жеке кәсіпкер жеткізушілерден 1 келі үшін 380 теңгеден "қарақұмық" сатып алып, оны 650 теңге сатқан. Нәтижесінде кәсіпкер "ескерту" түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Департамент негізсіз үстемеақылар анықталған жағдайда азық-түлік тауарларына, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына "сауда қызметін реттеу туралы" Заңның 9-бабына сәйкес тауарларға "Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 204-4-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектісіне ескерту белгіленеді. Осы құқық бұзушылықтар бір жыл ішінде қайталанған жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10, орта кәсіпкерлік – 75, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде субъектілерге айыппұл салуға әкеп соғады.

Өзгелердің жаңалығы