Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Олар қандай азық-түлік өнімдері? BAQ.KZ тілшісі тізім жасады.
Ведомствоның мәліметінше, тізімді уақытша кеңейту туралы шешім күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға және олардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған.
1. Бірінші сортты бидай ұны
2. Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан (пішінді)
3. Макарон өнімдері
4. Қарақұмық жармасы (дән)
5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді)
6. Картоп
7. Асханалық сәбіз
8. Басты пияз
9. Ақ қауданды қырыққабат
10. Қызанақ («шие», «жүзім» сорттарынан басқа)
11. Қияр («корнишондар» сортынан басқа)
12. Алма
13. Ақ қант (құмшекер)
14. Күнбағыс майы
15. Сүйегі бар сиыр еті
16. Сүйексіз сиыр еті
17. Тартылған ет
18. Қой еті, оның ішінде сүйексіз
19. Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз
20. Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық
(табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)
21. Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті)
22. Тауық (ұшасы)
23. Майлылығы 2,2–6% пастерленген, ультра пастерленген,
зарарсыздандырылған сүт (дәмдік қоспалары жоқ, лактозасызды қоспағанда)
24. Майлылығы 2–3% айран (лактозасызды қоспағанда)
25. Қаймақ (лактозасызды қоспағанда)
26. Майлылығы 5–9% сүзбе (лактозасызды қоспағанда)
27. Майлылығы 40–50% қатты және жартылай қатты ірімшік
28. Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5–80%,
толықтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ)
29. Тауық жұмыртқасы (I санатты)
30. Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгеннен басқа)
31. Ас тұзы («Экстра»-дан басқа)