"Әлеуметтік әмиян". Пациенттерге 470 мыңнан астам дәрі-дәрмектер берілді

8 Қараша 2024, 16:22
299
Бөлісу:
"Әлеуметтік әмиян". Пациенттерге 470 мыңнан астам дәрі-дәрмектер берілді
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері eGov Mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» бөліміндегі QR-код арқылы пациенттерге 470 мың рецепттің негізінде тегін дәрілік заттар берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы сервис арқылы препараттарды электрондық беру жөніндегі пилоттық жобаға 700-ден астам медициналық ұйым қатысады.

«Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.

Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын 1,7 млн адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша масштабталатын болады.

«Әлеуметтік әмиян» қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Mobile қосымшасын жүктеп алу қажет.

Содан кейін азамат дәрі-дәрмектерді алу үшін eGov Mobile қосымшасында тіркеуден өтуі немесе тіркеу бұрын жүргізілген болса, сәйкестендіруден өтуі керек. Әрі қарай, басты бетте «Әлеуметтік әмиян» бөліміне өтіп, «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» жолын таңдау керек.

Өзгелердің жаңалығы