Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан" стратегиялық зерттеу институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер басшысы Жанна Каримова бүгінгі Президент мәлімдемесіне пікірін білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде шағын және орта бизнесті қолдау туралы көп айтты. Бұған сарапшының берер пікірі мынадай болды.
Шағын және орта бизнесті қолдаған дұрыс. Шағын және орта бизнес арқылы жұмыссыздық болмайды. Шағын және орта бизнес арқылы бюджетке салық аударылады. Сондықтан бұл саланы қолдаған жөн деп санаймын. Айта кеткен жөн, төтенше жағдайға байланысты бизнестегі несиені жеңілдікпен беру тиімді емес деп ойлаймын. Соған байланысты бүгінгі Президент жасаған мәлімдемеде қазіргі таңдағы шағын және орта бизнесте жасалып жатқан негізгі жұмыстар туралы айтты. 1,6 миллионнан астам адам, 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілі несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік алып отыр. Бұл жалпы алғанда 360 миллиардтан астам теңгені құрап отыр. Бұл жұмыстардың нәтижесі бірден көрінетіні сөзсіз, - деді Жанна Каримова.
Сонымен қатар, Жанна Каримова 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны беру барысында бірнеше техникалық ақаулар кездескенін айтты.
Президентіміз алдағы бір айда жұмыссыздарға 42 500 мың теңге көмек тағы төленеді деді. Бұл ретте алдында болған ақаулар орын алмайды деп ойлаймын, - деді әлеуметтанушы.