Әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері енгізілуі мүмкін

2 Ақпан 2021, 18:33
1259
Бөлісу:
Әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін енгізу ұсынылады. 

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді биылғы 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі шараларды талқылау кезінде Үкімет отырысында мәлімдеді.

М. Тілеуберді атап өткендей, әлемдік экономикадағы тоқырауды және инвестициялық циклдің төмендігін ескере отырып, жеке инвестицияларды тартуға қатысатын барлық институттардың тиімді және үйлесімді жұмысы ерекше маңызға ие болады. 

Осыған орай, жаһандық бәсекелестіктің өсуі жағдайында инвестицияларды тарту бойынша жұмысты сапалы жаңа деңгейге шығару мақсатында, біз әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін енгізуді және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты күшейтуді ұсынамыз. ҚР Премьер-Министрінің басшылығымен Инвестициялық жобаларды жедел түрде қарап, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін инвестициялық штаб құру қажет деп санаймыз, – деді Үкімет басшысының орынбасары. 
Аталған штабтың жұмысын келесідей құру ұсынылады, мемлекеттік органдар мен жеке бизнес инвестицияларға тапсырыс қалыптастырады, ол «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да жинақталатын болады. 

Бұдан әрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының құзыреті «Business Connect» базасында инвестициялық ұсыныстарды верификациялау бөлігінде пайдаланылатын болады. Верификациядан өткен жобалардың ішінен арнайы пул қалыптастырылатын болады, ол жобаны іске асырудың барлық жолында «Task Force» жекеше бөлімшесімен сүйемелденетін болады. 

Тілеубердінің айтуынша, бұл бөлімше – инвестициялық штаб жанындағы жобалық сарапшылардың/келіссөз жүргізушілердің арнайы құрылған командасы, ол жұмысты ұйымдастыруға және инвестициялық штабтың күн тәртібін қалыптастыруға жауап береді. 

Қажет болған жағдайда аталған команданың жұмысына мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері тартылатын болады. Инвесторлармен пысықталатын айқын жобалар инвестициялық штабтың қарауына шығарылатын болады. Штабтың міндеті – инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша нақты шешім қабылдау. 

Инвесторлар үшін ерекше шарттар биылғы 16 қаңтарда күшіне енген «Экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы заң» шеңберінде стратегиялық инвестициялық келісімде қарастырылатын болады. 

Биылғы қаңтар айында ҚР Үкіметі мен америкалық «VALMONT» компаниясы арасында осындай алғашқы келісімге қол қойылғаны жөнінде атап өткен жөн. Сонымен, инвестициялық штаб мүшелері алқалы түрде қарағаннан кейін инвестициялық келісімге қол қоюы, жобаны мақұлдау болып саналады. 

Бұл алгоритм қажет болған жағдайда одан әрі жетілдірілетін болады. Жоба бойынша проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлардың сұрау салулары прокуратура, соттар, Мемлекет басшысына тікелей бағынысты агенттіктер мен басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының юрисдикциясын басымдықпен пайдалана отырып, Инвестициялық омбудсмен алаңында қаралатын болады. 

Осылайша, инвестициялық жобаларды өтпелі сүйемелдеу мен жинақталуы қамтамасыз етіледі, бұл жауапты органдар функцияларының қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді. Аталмыш тәсілдер Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымымен, Дүниежүзілік банкпен, «Атамекен» ҰКП-мен және квазимемлекеттік сектормен келісілетін болады. 

Мемлекет басшысының инвестицияларды басқару жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат қысқа мерзімде берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы