«Әлемге Қытай арқылы танылды». Димаш ойын айтты

25 Қыркүйек 2022, 11:49
9439
Бөлісу:
«Әлемге Қытай арқылы танылды». Димаш ойын айтты

Димаш Құдайберген Алматыда өтен жанкүйерлерме кездесуінде тыңдармандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бала кезде мен айналыспаған нәрсе қалмады. Жүзумен, таэквондонмен айналыстым. Суретке де бардым. Домбыра тарттым. Кішігірім ақындардың үйірмесіне барып жүрдім. Бір пәннен қосымша сабақ болса қалмауға тырысатынмын. Бала кезде барлық жағымды, барлық сала бойынша өзімді көргім келді ме, әлде сол кездегі тәрбие ме… Нәтижесінде балалық шағымды әдемі өткіздім деп ойлаймын. Ойнап та үлгердім. Балалармен төбелесіп те үлгердім, - деді Димаш жанкүйерлермен кездесуінде.

Ол Димаш Қытайдағы I am a Singer байқауы арқылы әлемге танылды деген сөзге нүкте қойды.

Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу дейді дана қазақ. Менің әрбір аяқ алысымды қолдап, азды-көпті жетістіктерге жетіп келе жатқаным - қазағымның арқасы. Димаш әлемге Қытай арқылы танылды деген жаңалықты көзім шалды. Осы тұста өз ойымды айтайын. Қытайдағы I am a Singer байқауы күллі әлемге атымның танылуына үлкен септігін тигізді. Дегенмен сол байқауға дейін Қазақстанда білім алдым, оқыдым. Қазақтардың арасында өстім. Қазақтың нанын жеп, суын ішіп. Батасымен көгеріп, ата-анамның қолдауымен, бауырларымның ықылас-ниетімен, көмегімен үлкен додаларда бақ сынайтын деңгейде тәрбиеленіп өстім, - деді әнші.

Димаш дауысын қойған Қызылорда облысының тумасы, бірнеше жылдан бері Ақтөбеде тұратын
ұстазы Марат Олжабайұлы ұстазына, ең алғашқы ұстазы Дина Ниязоваға алғыс айтты.

Бес жасымда әріп танымас бұрын нота таныған баламын. Бес жастан бастап күні бүгінге дейін әрбір аяқ алысымды қадағалап, ақыл-кеңесін айтып, қолдап келе жатқан бүгінгі фан кездесудің ұйымдастырылуына дейін атсалысып жүрген, барлық істеп жатқан жұмыстарым үшін тақымын қысып, болысып отыратын, көмегін аямайтын ата-анама үлкен рахмет. Қазақтың дәстүріне оңынан қараған халықпыз. Ең үлкен алғысымды халқыма және ата-әжеме айтқым келеді. Бала кезден осы кісілерді орнынан тік тұрғызып, күллі стадионда халықтың қошеметіне бөлендірсем деп армандап жүр едім. Сол арманыма жеткізген жанкүйерлеріме мың рахмет. Алдарыңызда бас иемін. Бес жасымнан әжем аяғы ауырса да, күнде мені музыка мектебіне апаратын. Марапатым, жеткен жетістіктерім әжемнің бір секунд қиналғанына тұрмайды, - деді Димаш Құдайберген Алматыда өткен фан кездесуде.

Өзгелердің жаңалығы