Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африка тұрғыны 37 жастағы Госиаме Тамара Ситоле бірден жеті ұл мен үш қыз туып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды РИА Новости.
ОАР тұрғыны бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд орнатты. Алдыңғы рекордты мамар айында бір уақытта тоғыз баланы дүниеге әкелген Мали тұрғыны орнатқан болатын, - делінген хабарламада.
Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясында тұратын Госиаме Тамара Ситоле жүктіліктің сегізінші айында босанған екен. Дәрігерлер дүниеге барлығы сегіз бала келеді деп күткен екен.