Әлемдік нарықта алюминий бағасы қымбаттады

10 Қыркүйек 2021, 03:33
1635
Бөлісу:
Әлемдік нарықта алюминий бағасы қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдік нарықта алюминий қымбаттап, 10 жыл бұрынғы рекордты жаңартты, деп жазды Оtyrar.kz.

Лондон биржасында металдың үш айдан кейін жеткізілетін вьючерстерінің тоннасы 2770 долларға саудаланған. Төрт күн бұрын 2726 доллар еді.

Сарапшылардың көбі бағаға Гвинеядағы төңкеріс әсер етті деген болжам айтады. Қазақстан да бұл металды экспорттаушылардың қатарында. Жыл басынан бері елден 120 мың тоннадан астам аллюминий экспортталды. Оның жалпы сомасы 250 мың доллардан асады.

Металды негізінен Түркия, Грекия, Хорватия, Черногория және Өзбекстан елдері импорттайды. Биыл алты айда Түркияға 66 мың тоннадай, Грекияға 18, Хорватияға 15 мың тоннадай алюминий жеткізілген.

Черногорияға 10 Өзбекстанға 3,8 мың тонна сатылыпты. Жалпы жыл басынан бері алюминий 40 пайызға қымбаттаған.


Өзгелердің жаңалығы