Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемдік көшбасшылар АҚШ-тан тарифтерді алып тастауды сұрап жатыр – Трамп

21 Сәуір 2025, 08:10
882
Бөлісу:
 Kevin Lamarque/Reuters
Фото: Kevin Lamarque/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдік көшбасшылар мен ірі бизнес өкілдері америкалық импорттық тарифтерді алып тастауды сұрағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тарифтер туралы хабарландырудан кейін көптеген әлемдік көшбасшылар мен кәсіпкерлер маған сауда баждарынан босату туралы өтінішпен жүгінді. Әлем біздің бұл жолда байсалды екенімізді түсініп отыр. Олар ондаған жылдар бойғы қателіктерін түзетуге тырысуда, бірақ бұл оңай болмайды, – деді Трамп.

АҚШ басшысының айтуынша, ел өз байлығын қалпына келтіріп, басқа мемлекеттермен тең әрі әділ сауда қатынасын орнатуы тиіс.

Сонымен қатар, Трамп шетелдік кәсіпкерлерге үндеу жасады.

Егер оңай жолды қалайтындар болса – Америкаға келіп, осында бизнес бастаңыз!, - деді Ақ үй басшысы.

Еске салайық, 2025 жылдың 1 ақпанында Трамп Қытай, Канада және Мексикадан әкелінетін тауарларға 25% көлемінде тариф енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сонымен қатар, ол Еуропалық Одақтан келетін өнімдерге де баж салығын салуға уәде берген.

АҚШ-тың бұл шешімдері шекара арқылы келетін фентанил мен мигранттар ағынын азайту мақсатында қабылданғаны айтылған.

Қытайлық экономист Эндрю Леунгтің пікірінше, бұл тарифтер АҚШ-та тұтыну бағасының өсуіне себеп болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы