Әлемдік қауымдастықтар жазаламаса, кінәлілерді біз жазалаймыз – Әлиев

17 Қазан 2020, 14:43
2201
Бөлісу:
Әлемдік қауымдастықтар жазаламаса, кінәлілерді біз жазалаймыз – Әлиев

Алматы, BAQ.KZ. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Гянджа қаласын зымыранмен атқылау барып тұрған қылмыс екенін айтып, соғыс алаңында жауап қайтаруға уәде берді.

Бұған дейін Баку Гянджа мен Мингечевир қалалары зымыранмен атқыланғанын хабарлаған. Атқылау кезінде 13 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 52 адам жарақат алған.

Бұл - әскери қылмыс, адамзатқа жасалған қылмыс. Егер әлемдік қауымдастықтар оларды жазаламаса, кінәлілерді біз жазалаймыз. Оларды соғыс алаңында жазалаймыз, жауап қайтарамыз, - деді Әлиев халыққа жасаған үндеуінде. 

Сонымен қатар ол Әзербайжан әскерилері Қарабақтағы Физули қаласын бақылауға алғанын және Физули ауданындағы Гочахмедли, Чимен, Жуварлы, Пирахмедли, Мусабейли, Ишыглы, Дедели ауылдарын азат еткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Армения қарулы күштері Әзербайжанның екінші үлкен қаласы - Гянджаны зымыранмен атқылады. Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза тауып, 40 шақтысы жарақат алған. 

Өзгелердің жаңалығы