Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлемдік экономиканың дамуы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты болып отырғанын айтты.
Оның айтуынша, сыртқы жағдайлардың жақсаруы, қолданыстағы фискалдық ынталандыру және өткен жылдың төмен базасы аясында ұлттық экономиканы қалпына келтіру жалғасып жатыр.
Әлемдік экономиканың бұдан былайғы даму қарқыны коронавирустың дельта штамының таралу тәуекелдеріне және дамушы елдердегі вакцинацияның төмен қарқынына байланысты болып отыр. Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларының арқасында Қазақстан экономикасы қалпына келуін жалғастыруда. Сондай-ақ биылғы жылдың 7 айында 2,7%-ға өсті. Осы жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк ішкі жалпы өнімнің 3,7%-ға өсуімен дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуды күтуде, - деді ол.
Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, Үкімет пен Ұлттық банктің макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен шараларын іске асыру Қазақстан экономикасындағы оң өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Оны халықаралық рейтингтік агенттіктер растап отыр.
Қазақстанның тәуелсіз рейтингі Moody's агенттігі тарапынан 2006 жылдан бастап алғаш рет «Baa2» деңгейіне дейін көтерілді, сондай-ақ Fitch агенттігі тарапынан «BBB» деңгейінде расталды, екі жағдайда да тұрақты болжамға ие болды. Сонымен қатар Ұлттық банк әлеуметтік-экономикалық дамудың 2022-2026 жылдарға арналған болжамы үшін негізгі ақша-кредит саясаты және төлем балансы көрсеткіштерінің болжамын жаңартты, - деп атап өтті Досаев Үкіметте.
Оқи отырыңыз: