20 қаңтарда Brand Finance консалтингтік компаниясы әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рейтингтің көшін Apple компаниясы бастады. Есептеулерге сәйкес, технологиялық алпауыттың құны 607,6 млрд долларды құрады.
Apple бағасы 6%-ға өсті, – делінген Brand Finance жарияланымында.
Одан да жоғары өсім көрсеткен Microsoft екінші орынға жайғасты — компанияның құны 565,2 млрд доллар деп бағаланды. Үшінші орынды Google иеленді, оның құны 433,1 млрд доллар болды.
Алдыңғы үштіктен кейін Amazon орналасты — 369,9 млрд доллар. Бесінші орынды Nvidia иеленді — 184,3 млрд доллар. Ол бағасы шамамен екі есеге өскен TikTok, Walmart, Samsung және Facebook компанияларын басып озды. Өткен жылы Nvidia рейтингте тек тоғызыншы орында болған.
Сарапшылар YouTube-ты әлемдегі ең мықты бренд деп таныды, ал қытайлық WeChat екінші орынға шықты. Microsoft бренд қуаты бойынша Google мен LEGO-ны артта қалдырып, үшінші орынға көтерілді.
Ең қымбат брендтердің жартысынан астамы АҚШ-қа, 15%-ы Қытайға, ал 5,6%-ы Германияға тиесілі.
Сондай-ақ әлемдегі ең ірі әуе компанияларының бірі — Emirates 15 қаңтарда "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, беларусиялық теннисші Арина Соболенкомен серіктестік келісім жасасқанын мәлімдеді.