Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемдегі ең биік ғимарат Қазақстанның көк туымен көмкерілді

26 Қазан 2025, 10:10
593
Бөлісу:
 видеодан кадр
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Әлемнің ең биік ғимараты – Бурдж-Халифа биігінен Қазақстанның көк туы желбіреді. Көк байрағымыз бейнеленген сәтте мемлекеттік Әнұранымыз да шырқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ерекше көрініс Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының күніне арналған құрмет ретінде ұйымдастырылды. Дубайдағы Қазақстан Елшілігі аталмыш сәттің бейнежазбасын өздерінің Instagram парақшасында бөлісті.

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, – деп жазылған елшілік жарияланымында.

Бұл – Бурдж-Халифа мұнарасының Қазақстанға құрмет білдіруі алғаш рет емес. Бұған дейін де алып ғимарат Тәуелсіздік күні мен басқа да маңызды мерекелерде еліміздің туының түстерімен жарқыраған еді. Мұндай сәттер екі ел арасындағы жылы қарым-қатынасты айқын көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы