Әлемде: Украина АҚШ-пен ресурстар туралы келісімді мақұлдады, NASA Айға зымыран жіберді

Бөлісу:
Әлемде: Украина АҚШ-пен ресурстар туралы келісімді мақұлдады, NASA Айға зымыран жіберді

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.

Әлемде: Украина АҚШ-пен ресурстар туралы келісімді мақұлдады, NASA Айға зымыран жіберді
Фото: Michael Kappeler/dpa/picture alliance

Украина АҚШ-пен ресурстар туралы келісімді мақұлдады

Киев Америка Құрама Штаттарымен келісімге қол қоюға дайын. Бұл келісім АҚШ-қа Украинаның минералды ресурстарына, соның ішінде сирек жер металдарына қол жеткізу мүмкіндігін қарастырады. Бұл туралы Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Telegram арқылы хабарлады.

Бүгін Үкімет Украина мен Америка Құрама Штаттары арасында Қалпына келтіру инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қою үшін қажетті шешімдерді қабылдады, – делінген оның жазбасында.

Шмыгаль бұл құжаттың негізгі тармақтарын атап өтті. Оған сәйкес, Қалпына келтіру инвестициялық қоры Украина мен АҚШ-тың бірлескен меншігі болып табылады және екі ел үкіметтері бірлесіп басқарады.

Украинаның жер қойнауы мен ресурстары украиналық болып қалады, олар АҚШ-тың немесе басқа біреудің меншігіне берілмейді, – деп атап өтті Денис Шмыгаль. 

Оның айтуынша, Украина болашақта табиғи ресурстық активтерінен түсетін кірістің 50%-ын қорға аударады. Өз кезегінде, АҚШ қорға "Украинаны қалпына келтіру үшін маңызды қаражат, қаржы құралдары және басқа да активтер" түрінде салым жасайды.

Қор жинаған қаражат тек Украинадағы қалпына келтіру жобаларына инвестицияланады. Келісімде Украинаның еуроинтеграция процесіндегі міндеттемелері де ескерілген, – деп жазды Шмыгаль.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп украиналық президент Владимир Зеленскийдің 28 ақпанда Ақ үйге барып, сирек жер металдары бойынша келісімге қол қоюы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Әлемде: Украина АҚШ-пен ресурстар туралы келісімді мақұлдады, NASA Айға зымыран жіберді
Фото: Yuri Gripas/Pool via CNP/AdMedia/picture alliance

Трамп ЕО тауарларына 25% баж салығын енгізбек

АҚШ "өте жақын арада" Еуроодақтан импортталатын тауарларға 25% баж салығын енгізеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

Біз шешім қабылдадық және оны өте жақын арада жариялаймыз. Жалпы айтқанда, ол 25% болады және ол автокөліктер мен басқа да осындай тауарларға қатысты, – деді АҚШ басшысы журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Тура айтайық, Еуроодақ АҚШ-тың өмірін қиындату үшін құрылды. Бұл олардың мақсаты болды, және олар бұл істе өте жақсы нәтиже көрсетті, – деп атап өтті Трамп.

Еуропалық Одақта жеңіл автомобильдерге қазір 10% баж салығы қолданылады. Бұл АҚШ-тың 2,5% мөлшеріндегі салығынан 4 есе жоғары екенін. 

Сонымен қатар, АҚШ шенеуніктері ЕО елдеріндегі қосылған құн салығының (ҚҚС) 17,5% және одан жоғары болуына да наразылық білдіруде.

Әлемде: Украина АҚШ-пен ресурстар туралы келісімді мақұлдады, NASA Айға зымыран жіберді
Фото: Scott Schilke/SipaUSA/picture alliance 

NASA миссиясы аясында Айға қонуға арналған модуль жіберілді

АҚШ-тың жеке Intuitive Machines компаниясы АҚШ-тың Ұлттық аэроғарыш агенттігінің (NASA) IM-2 миссиясы аясында Айға Nova-C – Athena ("Афина") қону модулін жөнелтті. Модульді тасымалдап бара жатқан SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны Флоридадағы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшты. SpaceX компаниясы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың серіктесі Илон Маск-қа тиесілі.

Athena 6 наурызда Айдың оңтүстік полюсіндегі Монс Мутон жазығына қонады деп күтілуде. Модуль ғылыми зерттеулер жүргізіп, болашақ адам миссияларына дайындық үшін жаңа технологияларды сынақтан өткізеді.

NASA миссиясы Айға коммерциялық жүк жеткізу (Commercial Lunar Payload Services, CLPS) бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Ол он күнге созылады деп жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы