Әлемде: Украина АҚШ-пен келісімге қол қояды, Араб елдері Газа секторын қалпына келтірмек

Бөлісу:
Әлемде: Украина АҚШ-пен келісімге қол қояды, Араб елдері Газа секторын қалпына келтірмек

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.

Әлемде: Украина АҚШ-пен келісімге қол қояды, Араб елдері Газа секторын қалпына келтірмек
Фото: Kevin Lamarque/REUTERS 

Трамп: Украина келісімге қол қоюға дайын 

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс мүшелерінің алдында Украина АҚШ-пен сирек кездесетін металдарға қатысты бұрын үзілген келісімге қайта оралғысы келетінін мәлімдеді. Трамптың айтуынша, ол "жаңа ғана" Украина президенті Владимир Зеленскийден маңызды хат алған. 

Шикізат пен қауіпсіздік туралы келісімге келер болсақ, Украина кез келген уақытта оған қол қоюға дайын, – деді Трамп.

Сонымен қатар АҚШ президенті Зеленский хатында Ресеймен соғысты аяқтау үшін келіссөздер жүргізуге дайын екенін растағанын айтты. 

Хатта Украина берік бейбітшілікке жақындау үшін мүмкіндігінше тезірек келіссөздер үстеліне отыруға дайын екені жазылған, – деді Трамп. 

Оның айтуынша, Ресей тарапынан да бейбітшілікке ұмтылыс бар деген "күшті сигналдар" алынған. Алайда Трамп Украинаға әскери көмекті тоқтату туралы ештеңе айтқан жоқ.

Ақ үй басшысы Еуропаны Ресейден мұнай мен газ сатып алуға Украинаға көрсетілген қорғаныс көмегінен көп қаражат жұмсады деп айыптады. Оның айтуынша, Еуропалық Одақ Украинаға "100 миллиард доллар" бөлген, ал демократ Джо Байден әкімшілігі кезінде бұл сома 350 миллиард доллар болған. 

Конгресс залында отырған демократтар бұл мәлімдемемен келіспеді. Жалпы аудитория екіге бөлінді: залдың сол жағындағы республикашылдар Трамптың әрбір сөзін орындарынан тұрып қол соғумен қарсы алса, оң жақтағы демократтар наразылықпен отырды.

Әлемде: Украина АҚШ-пен келісімге қол қояды, Араб елдері Газа секторын қалпына келтірмек
Фото: Hatem Khaled/REUTERS 

Араб саммиті Газа секторын қалпына келтіру бойынша Египеттің жоспарын қолдады

Араб мемлекеттері лигасы шұғыл саммитінің қатысушылары Египет ұсынған, соғыстан қираған Газа секторын қалпына келтіру жоспарын қолдады. Жоба 53 миллиард доллар (шамамен 50,5 млрд еуро) қаржы талап етеді және палестиналықтарды көшіруді қарастырмайды. Бұл туралы Каир саммитінің қорытындысында Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси мәлімдеді. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл 5 жылдық жоспар АҚШ президенті Дональд Трамп бұрын ұсынған "Таяу Шығыс ривьерасы" идеясымен айтарлықтай қарама-қайшы, себебі Трамп жоспары Газа тұрғындарын "достас" араб елдеріне жаппай көшіруді ұсынған еді.

Өз сөзінде ас-Сиси Трамптың аймақтық бейбіт реттеуге ықпал ете алатынына сенім білдірді, дегенмен араб елдерінің өкілдері АҚШ президентінің ұсынысын қатаң сынға алған. "

Нағыз бейбітшілік тек Палестина мемлекеті құрылмайынша мүмкін емес. Бейбітшілік күшпен орнатылмайды және оны күштеп таңуға болмайды, – деді ас-Сиси саммиттің ашылуында.

БҰҰ бағалауы бойынша, соғыс салдарынан Газа секторында 50 миллион тоннадан астам құрылыс қирандылары жиналған, ал ғимараттардың 70%-ы зақымданған немесе толық қираған. 

DPA және Reuters агенттіктері танысқан 112 беттен тұратын құжатқа сәйкес, қалпына келтірудің бастапқы алты айлық кезеңі үйінділерді тазарту мен уақытша баспана орнатуға бағытталып, шамамен 3 миллиард долларға бағаланған. 

Алғашқы кезеңде Газа секторында екі жыл ішінде 200 мың тұрғын үй салынады, ал екінші кезеңде тағы да сонша тұрғын үй бой көтереді. Құжатта халықаралық қауымдастық пен донорларды жедел көмек көрсетуге шақыру бар, бұл ретте Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы басты рөл атқарады деп күтілуде.

2030 жылға қарай жоспар жүздеген мың жаңа тұрғын үй салып, 3 миллионға дейін адамды орналастыруды, сондай-ақ әуежай, өнеркәсіптік аймақтар, қонақ үйлер мен саябақтар тұрғызуды көздейді. 

Египет президенті елінің палестиналықтармен бірлесе, палестиналық сарапшылардан құралған әкімшілік комитет құрғанын мәлімдеді. Бұл комитет гуманитарлық көмекті бақылап, Газа секторын "Палестина әкімшілігіне қайта оралғанға дейін өтпелі кезеңде" басқарады.

Радикалды ХАМАС қозғалысының өкілдері Египеттің Газа секторын қалпына келтіру жоспарын құптағанымен, Израиль сыртқы істер министрлігі саммит декларациясын қатаң сынға алды. 

Израиль министрлігінің мәлімдемесінде: "ХАМАС-тың мыңдаған израильдіктердің өліміне және жүздеген адамдардың ұрлануына әкелген қатыгез лаңкестік шабуылы туралы айтылмаған, әрі бұл қанды ұйымға ешқандай айып тағылмаған", – делінген.

Әлемде: Украина АҚШ-пен келісімге қол қояды, Араб елдері Газа секторын қалпына келтірмек
Фото: IMAGO/ITAR-TASS 

Грузия парламенті "шетел агенттері" туралы заңды мақұлдады

Грузия парламенті, онда тек билеуші "Грузин арманы" партиясының депутаттары ғана отыр. Олар 1938 жылғы АҚШ-тың Шетел агенттерін тіркеу туралы заңын (Foreign Agents Registration Act, FARA) негізге алған жаңа заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы грузиндік Tabula порталы хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, заң жобасы бірінші оқылымда қабылданған. Билеуші партияның 84 депутаты "жақтап" дауыс берді, ал қарсы шыққандар болған жоқ. Оппозиция қазан айындағы сайлаудың әділетсіз өткенін алға тартып, парламент жұмысын бойкоттап отыр.

Парламенттің заң комитетінің төрағасы Арчил Гордуладзе жаңа грузин заңы "америкалық заңның егжей-тегжейлі аудармасы" екенін мәлімдеді. Ол 2024 жылдың жазында Грузияда "Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң күшіне енгенін еске салды. БАҚ бұл заңды "шетел агенттері туралы заң" деп атап кеткен еді. Құжат жаппай наразылықтарға қарамастан қабылданған.

Жаңа заңның айырмашылығы – ол қарапайым азаматтарға да әсер етуі мүмкін. 

Қазіргі "Ашықтық туралы заң" тек үкіметтік емес ұйымдарға, ұйымдарға, онлайн-медиа мен хабар таратушыларға қатысты болса, америкалық заң физикалық тұлғаларды да қамтиды. Жеке тұлға шетелдік күш те, агент те бола алады", – дейді Гордуладзені Netgazeti порталы.

Tbilisi life Telegram-арнасы алғашқы "шетел агенттері" туралы заң қабылданғаннан кейін үкіметтік емес ұйымдардың көпшілігі мемлекеттік тіркеуден бас тартқанын жазады. 

Енді FARA үлгісі бойынша жаңа заң енгізілуде, ол тіркеуден бас тартқандар үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады, – деп хабарлайды портал.

Өзгелердің жаңалығы