BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
Рим Папасының денсаулығы қиындап барады
Рим Папасы Францисктің денсаулық жағдайы мүшкіл. Anadolu Ajansı агенттігінің мәліметінше, Католик шіркеуінің басшысы және Ватиканның мемлекет басшысы Папа Францисктің демікпесі асқынған. Ол оттегінің көмегімен демалып, тромбоциттер деңгейінің төмендегінен қан құйдырған.

depositphotos.com/palinchak
Ватикан 14-ші ақпаннан бері өкпе инфекциясынан кейін Римнің Gemelli клиникасында ем алып жатқан 88 жастағы понтификтің жағдайы мүшкіл екенін айтты. Одан полимикроб инфекциясы анықталып, өкпесінің екі жағы қабынғаны белгілі болды.
Папаның денсаулық жағдайы күрделі. Бұрын да хабарлағанғандай, ол әлі қауіпті кезеңнен өткен жоқ, - делінген хабарламада.
Украина, АҚШ және Ресейге қатысты маңызды оқиғалар
Украина «барлығын барлығына» формуласы бойынша Ресеймен тұтқындар алмасу туралы жаңа ұсыныс жасады. Бұл туралы Украина әскери тұтқындармен жұмыс жөніндегі үйлестіру штабының жетекшісі Богдан Охрименко хабарлады.
Оның айтуынша, бұл ұсынысты Украина президенті әкімшілігі, Сыртқы істер министрлігі және үйлестіру штабы дайындаған.
Киев бұл ұсынысты жүйелі түрде алға тартып келеді, бірақ Ресей тарапы әзірге нақты жауап бермеген.

23 ақпанға қараған түні Украина, АҚШ және Ресейге қатысты маңызды оқиғалар орын алды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты осы аптада аяқтауға болады деп санайды және Ақ үй екі тараппен белсенді келіссөздер жүргізуде.
Еуропалық дипломаттар АҚШ-тың БҰҰ-дағы ұстанымын Ресейге «жеңілдік жасау» деп бағалауда.
АҚШ Украинадан табиғи ресурстарға қатысты жаңа, бұрынғыдан да қатаң шарттарды талап етуде, бірақ Зеленский бұл келісімге қол қоюға дайын емес. Украина Ресейге «барлығын барлығына» формуласы бойынша әскери тұтқындар алмасуды ұсынды, бірақ әзірге бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр. Бұл оқиғалар Украинадағы жағдайдың белсенді дипломатиялық кезеңге өткенін көрсетеді, бірақ тараптар әлі нақты келісімге келе қойған жоқ.
Франциядағы теракт
Макрон Франция коммунасында пышақпен жасалған шабуылды теракт деп атады.
Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді, деп жазады BFMTV телеарнасы.
Прокурор бұл істі Ұлттық терроризмге қарсы прокуратураға тапсырды. Өз кезегінде олар оны террорлық әрекет ретінде анықтаған. Сондықтан бұның исламдық террорлық әрекет болғанына еш күмән жоқ, — деді Макрон.

JF Frey/L'Alsace/dpa/MAXPPP/picture alliance
Франция президенті елдің Ішкі істер министрі Бруно Ретайоға қайғылы оқиға болған жерге баруды тапсырды. Ол болған оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме бермейтінін айтты, дегенмен кешке ІІМ басшысы оқиғаның қалай болғанын айтып береді деп уәде етті.
Пышақпен қаруланған адам сенбі күні түстен кейін Францияның шығысындағы Мюлуз қаласындағы базардың жанында өтіп бара жатқан қала тұрғындарына шабуыл жасады. Салдарынан үш полиция қызметкері жарақат алды. Сонымен қатар қарулы террористі тоқтатпақ болған адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Қазір шабуыл жасаған адам ұсталды.