Әлемде құм таусылуға жақын – ғалымдар

2 Мамыр 2022, 17:48
2453
Бөлісу:
Әлемде құм таусылуға жақын – ғалымдар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде құм қоры таусылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. 

БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша бағдарламасының мамандары құрылыс пен өзге де қажеттіліктерге құмды сирек пайдалануды ұсынып отыр. Себебі табиғи ортада құм аз уақыт ішінде қайта шығарылып үлгермейді. 

Сондай-ақ ғалымдар дүние жүзінде жаһандық урбандалу мен халық санының өсуіне байланысты құмға да сұраныс артқанын алға тартты. Бір сөзбен айтқанда, құмды бетон мен шынының құрамына кіретіндіктен ғимараттар құрылысы кезінде жиі қолданатын болған.

Зерттеу деректеріне сүйенсек, адамзат бір жыл ішінде қолданатын құмның мөлшерін ені мен биіктігі 88 фут деп өлшегенде, Жердің айналасында қабырға салуға жұмсауға болады екен. Адамдар құмды ол табиғи процестер нәтижесінде бөлініп шығатын көлемнен әлдеқайда жылдам тұтынуда. 

Оның үстіне, жер бетінде құмды пайдалану судан соң барынша сұранысқа ие ресурс екендігіне қарамастан, реттелмей келеді. 

Осылай жалғаса беретін болса, құм жоғалып кететіндігін айтқан ғалымдар құмқа балама материалдарды қолдануға, сондай-ақ құмды жаһандық қолдануға бақылау жүргізіп отыратын орган немесе мекеме құруға кеңес береді. 

Өзгелердің жаңалығы