Әлемде: Оңтүстік Корея президенті қамауға алынбайды, Сирияда тағы да қақтығыс

7 Наурыз 2025, 17:45
568
Бөлісу:
Әлемде: Оңтүстік Корея президенті қамауға алынбайды, Сирияда тағы да қақтығыс

BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.

Әлемде: Оңтүстік Корея президенті қамауға алынбайды, Сирияда тағы да қақтығыс
Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея президентінің қамауға алу шешімі жойылды

Сот қызметінен шеттетілген президент Юн Сок Ёль-ді қамаудан босату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Yonhap.

Еске салсақ, 15 қаңтарда тергеушілер Юн Сок Ёльді 3 желтоқсанда әскери төтенше жағдай жариялауына байланысты бүлікке шақыру айыбымен қамауға алған болатын.

Сеулдің Орталық округтік соты бұл шешімді Юнның адвокаттары 26 қаңтарда айып тағудың заңсыз екенін айтып, қамауға алу күшін жою туралы өтініш бергеннен кейін бір ай өткен соң шығарды. Адвокаттар айып тағу мерзімі 25 қаңтарда аяқталғанын алға тартты.

Алайда прокуратура қылмыстық-процестік кодекске сәйкес бұл мерзім күн есебімен саналу керектігін, ал адвокаттар оны сағат пен минут бойынша санағанын айтты.

Сот өз шешімінде қамауда ұстау мерзімі сағатпен есептелуі керек екенін түсіндірді.

Бұған дейін Оңтүстік Кореядағы саяси дағдарыстың күрделі тұстары туралы жазған едік. Экс-президент Юн Сок Ёльдің ісін ұзаққа созу елдің саяси жүйесіне тиімсіз, алайда демократиялық нормаларға сәйкес барлық қажетті рәсімдер сақталуы тиіс.

Әлемде: Оңтүстік Корея президенті қамауға алынбайды, Сирияда тағы да қақтығыс
Фото: Abdulvacit Hacisteyfi/Anadolu/picture alliance

Сирияның жаңа билігі Асад жақтастарына қарсы операция бастады

Сирияның жаңа билігі биліктен кеткен президент Башар Асадтың жақтастарына қарсы ауқымды операция бастады. Бұл шара Латакия мен Тартус провинцияларында орын алған қақтығыстардан кейін жүзеге асуда, деп хабарлайды мемлекеттік SANA агенттігі.

Қауіпсіздік қызметінің өкілі операцияның мақсаты «Асад милициясының қалдықтарын және оларды қолдайтындарды жою» екенін мәлімдеді. Ол жергілікті тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды.

Латакия, Тартус және Хомс провинцияларында коменданттық сағат енгізілді. Қорғаныс министрлігі Дамаск пен басқа да аймақтардан бұл өңірлерге қосымша күштер жіберілгенін хабарлады.

Кеше Латакияда Асад жақтастары мен жаңа биліктің қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды. AFP агенттігінің хабарлауынша, Асадтың бұрынғы милициясының бірнеше топтары жаңа билікке тиесілі бақылау-өткізу бекеттеріне шабуыл жасаған.

Лондонда орналасқан Сириялық адам құқықтарын бақылау кеңесінің (SOHR) мәліметінше, соңғы тәулікте қақтығыстар салдарынан кемінде 71 адам қаза тапты: 35 қауіпсіздік қызметкері, 32 Асад жақтаушысы және 4 жергілікті тұрғын. 

Сонымен қатар екі жақтан да ондаған адам жараланғаны және тұтқынға түскені хабарланды.

SOHR басшысы Рами Абдурахман бұл қақтығысты 2024 жылдың соңында Асад режимі құлағаннан кейінгі ең ауыр қақтығыс деп атады.

Әлемде: Оңтүстік Корея президенті қамауға алынбайды, Сирияда тағы да қақтығыс
Фото: Nicolas Tucat/AFP/Getty Images

Зеленский бейбітшілікке алғашқы қадамын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің кезекті жаппай соққысынан кейін серіктестерін "Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлеуге" шақырды.

Украина бейбітшілікке жетуге дайын, біз соғыстың алғашқы секундынан бастап бейбітшілік орнауын қалаймыз, – деп жазды Зеленский Telegram-да.

Ол Ресей күштері өткен түні Украинадағы энергетикалық нысандарға тағы да соққы бергенін атап өтті. 

Жалпы, ресейліктер шамамен 70 қанатты және баллистикалық зымыран, сондай-ақ 200-ге жуық соққы дронын қолданды. Мұның бәрі елдегі қалыпты өмірді қамтамасыз ететін инфрақұрылымға бағытталды, – деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, шынайы бейбітшілікке алғашқы қадам – Ресейдің мұндай шабуылдарын тоқтатуға мәжбүрлеу. 

Аспандағы тыныштық – зымырандардың, ұзақ қашықтықтағы дрондардың және әуе бомбаларының қолданылуына тыйым салу. Сондай-ақ, теңіздегі тыныштық – қалыпты теңіз қатынасының нақты кепілі, – деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы