Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемде: Германиядағы диверсия, Украинаға қару-жарақ жеткізілімі, Трамп талабы, Бразилиядағы автобус апаты

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ коллажы
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.

Германияда кемеде диверсия жасаған екі жұмысшы ұсталды

Германияда құқық қорғау органдары Гамбург портындағы әскери-теңіз флоты кемелерінде диверсия жасады деген күдікпен Румыния мен Греция азаматтары болған екі жұмысшыны ұстады.

Әлемде: Германиядағы диверсия, Украинаға қару-жарақ жеткізілімі, Трамп талабы, Бразилиядағы автобус апаты
Report

Белгілі болғандай, олар әртүрлі уақытта кеменің қозғалтқышына бөліп-бөліп 20 келіден астам қиыршық тас (гравий) төккен. Сондай-ақ тұщы су беру құбырларын тесіп, жанармай бактарының қақпақтарын шешкен және кеме электроникасындағы сақтандырғыш ажыратқыштарды өшірген.

Хабарламада күдіктілердің Гамбургтегі, сондай-ақ Румыния мен Грециядағы пәтерлерінде тінту жүргізілгені айтылған. Бұл шараларды трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске жауапты Еуроюст үйлестірген.

Бас прокуратура мәліметінше, айыпталушылар 2025 жылы аталған портта жұмыс істей жүріп, Федералдық қарулы күштердің Әскери-теңіз күштеріне арналған бірнеше кемеде «манипуляциялар» жасаған. Бұл кемелер верфь аумағында орналасқан.

Одақтастар Украинаның қару-жараққа деген қажеттілігін қамтамасыз етеді

Әлемде: Германиядағы диверсия, Украинаға қару-жарақ жеткізілімі, Трамп талабы, Бразилиядағы автобус апаты
pixabay.com

Одақтастар Украинаның қару-жараққа деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Киевте Украина Президенті Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Украина бұған сенімді бола алады. Бас хатшы АҚШ пен НАТО-ның Украинаны аса қажет қару-жарақ пен жабдықпен жедел қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамасы — PURL (Prioritized Ukraine Requirements List) бағдарламасына 15,5 млрд доллар міндетті түрде бөлінетінін атап өтті.

Сонымен қатар ол түрлі елдер тарапынан қаржыландырудың біркелкі болмауы бұл үдеріске кері әсерін тигізіп отырғанын да мойындады.

Қазіргі уақытта одақтастардың үштен екісі PURL бағдарламасына қатысып отыр. Қаржылық жүктемені бөлу мәселесі бар, алайда ол шешіледі, - деді Марк Рютте.

Трамп Гарвардтан 1 млрд доллар өтемақы талап етті

Әлемде: Германиядағы диверсия, Украинаға қару-жарақ жеткізілімі, Трамп талабы, Бразилиядағы автобус апаты
©BAQ.KZ архиві

АҚШ президенті Дональд Трамп Гарвард университетінен 1 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап ететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында хабарлады.

Бұған дейін Ақ үй Гарвардты антисемитизмге қарсы шараларды тиісті деңгейде қабылдамады деп сынға алған еді.

Трамптың сөзінше, университет басшылығы ұзақ уақыт бойы адалдық танытпаған. Ол Гарвардтың «жұмыс орнында оқыту» деп аталатын бастаманы алға тартқанын атап өтіп, бұл идеяны басынан-ақ негізсіз деп бағалады.

Президенттің пікірінше, бұл 500 миллион доллардан асатын ауқымды қаржылық міндеттемеден жалтару үшін жасалған қадам болған.

Сонымен қатар Трамп өтемақы сомасын арттыру қажет екенін айтып, істі азаматтық емес, қылмыстық іс ретінде қарастыруды жөн санайтынын жеткізді.

Енді біз 1 миллиард доллар өтемақы талап етеміз және алдағы уақытта Гарвард университетімен ешқандай байланыс орнатуға ниетіміз жоқ, – деді ол.

Бразилиядағы автобус апатынан 15 адам қаза тапты

Әлемде: Германиядағы диверсия, Украинаға қару-жарақ жеткізілімі, Трамп талабы, Бразилиядағы автобус апаты
pixabay.com

Бразилияның солтүстік-шығысында қажыларды тасымалдайтын автобустың қатысуымен болған ауыр жол-көлік оқиғасында кемінде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Автобуста шамамен 60 жолаушы болған. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, көлік тас жолда аударылып кеткен, ал апаттың нақты себептері әлі тергелуде.

Қаза тапқандардың ішінде бес ер адам, жеті әйел және үш бала бар. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмек алуда.

Алагоас штатының билігі үш күндік аза тұту жариялады.

Өзгелердің жаңалығы