BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
Газа секторында гуманитарлық көлік аударылып, 20 адам көз жұмды
Газа секторында азық-түлік тасымалдаған гуманитарлық көлік аударылып, 20 палестиндік қаза тапты, ондаған адам жараланған. Оқиға гуманитарлық блокада жағдайында Дейр эль-Балах ауданында болған.

Газа үкіметінің хабарлауынша, Израиль әскері әдейі көмек жеткізуді шектеп, аштық жайлаған аймақтарға санаулы көлік жібереді. Көлік бұған дейін бомбаланған, жүруге қауіпті жолға бағытталған. Тамақ алуға келген тұрғындар көлік астында қалып, адам шығынына ұшыраған.
Гуманитарлық блокаданың күшеюіне байланысты Газа билігі Израильді әдейі тәртіпсіздік ұйымдастырып, ашаршылықты қолдан жасап отыр деп айыптады. Бұл әрекеттер салдарынан 2,4 миллион адамның өміріне қауіп төніп тұр.
Сондай-ақ, Израиль тарапынан азық-түлік, дәрі-дәрмек пен қажетті тауарлардың жеткізілуіне кедергі келтіріліп отырғаны айтылды. Газа үкіметі халықаралық қауымдастықты Израильдің әрекеттеріне көз жұмуын сынға алып, БҰҰ мен құқық қорғау ұйымдарын дереу шара қабылдауға шақырды.
Бұл жағдайға үнсіз қалу — Израильдің Газа секторындағы қылмысына қатысу деген сөз, — деп мәлімдеді жергілікті билік.
АҚШ Ресей мұнайының импортын қатаң бақылауға алады
.jpg)
Президент Дональд Трамп үшінші елдерге жеткізілетін ресейлік мұнайды бақылау туралы жарлыққа қол қойды.
АҚШ-тың Сауда министрлігі, Мемлекеттік департаменті және Қаржы министрлігі көмірсутектердің тікелей және жанама импортына талдау жүргізетін болады.
Осы деректер негізінде жаңа санкциялар, соның ішінде тарифтік шектеулер енгізу ұсынылуы мүмкін.
Бұған дейін Вашингтон Ресейден мұнай сатып алғаны үшін Үндістан тауарларына кедендік баж салықтарын енгізген болатын.
Путин мен Трамп кездесуі мүмкін

Fox News хабарлауынша, Владимир Путин Дональд Трамппен жеке келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. АҚШ-тың экс-президенті де Украинадағы қақтығысты реттеуге ықпал ететін жағдайда кездесуге қызығушылық білдіріп отыр. Владимир Зеленский мен еуропалық серіктестердің қатысуымен үшжақты келіссөз ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Австралияда мұғалімдердің жаппай ереуілі өтті. Квинсленд штатында 15 жылдан бері алғаш рет шамамен 50 мың мұғалім ереуілге шығып, 1200-ден астам мектептің жұмысы тоқтатылды. Ереуілдің себебі – билік ұсынған жалақыны кезең-кезеңмен көтеру жоспарын кәсіподақтың қабылдамауы. Наразылық білдірушілер еңбек жағдайларын, әсіресе мектептердегі қауіпсіздік пен кадр жетіспеушілігін дереу жақсартуды талап етуде. Қазіргі таңда келіссөздер жалғасып жатыр.
Ганада министрлер қаза тапты

Ганада қайғылы оқиға болды: Министрлер қаза тапты. Әскери тікұшақ апатқа ұшырап, нәтижесінде екі жоғары лауазымды шенеунік – қорғаныс министрі Эдвард Оман Боама мен экология министрі Ибрагим Муртала Мұхаммед көз жұмды.
Бортта экипаж мүшелерін қосқанда тағы алты адам болған. Олардың бәрі қаза тапты. Апаттың себептері анықталып жатыр.