Әлемде ер адамдар әйелдерге қарағанда 45,25 млн-ға көп

Бүгiн, 15:20
138
Бөлісу:
Әлемде ер адамдар әйелдерге қарағанда 45,25 млн-ға көп
Фото: BAQ.KZ архив

Әлем елдерінде демографиялық тепе-теңдік әртүрлі. Соның бірі – ерлер мен әйелдер санының тең болмауы, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Иә, кейінгі уақытта әлемде әйелдер саны жетіспегендіктен, отбасы құру мен балалы болу көрсеткіші төмендеген елдер саны артқан. Сондай-ақ бұл еңбек нарығына да әсер етеді. Жер бетінде бір қарағанда әйелдер көп сияқты. Дегенмен, әлемде 4,10 млрд ер адам бар. Бұл жалпы халықтың 50,28%-ына тең. Ал әйелдер саны – 4,06 млрд.

Бұл тиісінше, халықтың 49,72%-ына тең. Демек, әлемде ер адамдар әйелдерге қарағанда 45,25 млн-ға көп. Көп елде әр 100 жаңа туған қызға 105 ұл баладан келеді. Халқы ең көп екі ел – Үндістан мен Қытайда ерлер популяциясы айтарлықтай жоғары. Дәл осы елдер әлемде ер адамдар санының таралуын анықтайды. Сондай-ақ араб елдерінде 100 әйелге 247 ерден келеді. Жар таңдау түгіл, жар табу қиын болып көрінер. 

Дегенмен, Парсы шығанағының ер-азаматтары әлемде ең көп әйел алатындар. Бір қызығы, мұндай некелердің төрттен бірі бөлелеріне үйленген. Өйткені араб әлемінде туысына үйленудің еш сөкеттігі жоқ, артықшылықпен тең үрдіс. Ал Исландияда ерлер санының басым болғаны соншалық, үкімет елге келіп, исландиялық азаматқа тұрмысқа шыққан шетелдік қыздарға өтемақы беруге дайын.

Өзгелердің жаңалығы