Әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны қайта көбейіп барады

Әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны қайта көбейіп барады
551

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 маусымында әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 549 млн жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналы хабарлайды. 

Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 167 424 адамға өсті. Әлемде коронавирус инфекциясынан 6 351 017 адам көз жұмды. Сонымен қатар бір күнде 321 өлім тіркелді. Вирустың толық емделуінің расталған жағдайлары бүгін, яғни 27 маусым 2022 жылы әлем бойынша 524 120 020 адам.


Фото: ашық дереккөз