Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде балалар белгісіз вирус жұқтырып жатыр. Бұл туралы АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария мен Жапонияның дәрігерлері дабыл қағуда деп жазады Lenta.ru BBC News-ке сілтеме жасай отырып.
Бұрын белгісіз болған RSV вирусы тыныс алу жолдарын зақымдайтын көрінеді.
Сәбилер мен балалар жаңа вируспен сәуір айынан бастап ауыра бастаған. Аурудың асқынуы коронавирус инфекциясына қарсы шаралар жеңілдетілген сәттен бастап басталған.
АҚШ-тағы ауруларды бақылау мен алдын алу орталығының деректеріне сүйенсек, балалардың басым көпшілігінде ауру тұмау және жөтелу секілді белгілермен жеңіл өтеді. Кейбірінде бронх жолдарын зақымдап, өкпенің төменгі бөлігінің қабынуын тудыруы мүмкін.
Бұған дейін дәрігерлер коронавирустың «дельта» штамы дүние жүзінде бірден өршігенін айтқан еді. Алайда жаңа зерттеулерден белгілі болғандай, бұл штамм барынша қауіпті әрі ауру анағұрлым ауыр өтеді деген тұжырымдар дәйексіз деп отыр.