Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемде: АҚШ Венесуэлаға оралып, Иранға қатаң ескерту жасады, Колумбия мен Мьянмада апат болды

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ коллажы
PHOTO
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

АҚШ Венесуэламен дипломатиялық қатынасты қайта жандандыруы мүмкін. Иранға ядролық келісімге қатысты қатаң ескерту жасалды. Колумбия мен Мьянмадағы апаттар, климат жөніндегі БҰҰ дабылы – BAQ.KZ тілшісі әлемдегі басты жаңалықтарға шолу жасап, назарларыңызға ұсынды.

АҚШ Венесуэлаға қайта оралады: дипломатиялық миссия ашылуы мүмкін

АҚШ билігі Венесуэлада дипломатиялық қатысуын қайта жандандыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінде өткен тыңдауда мәлімдеді. Оның айтуынша, дипломатиялық миссияның қайта ашылуы Вашингтонға елдегі ахуалды нақты уақыт режимінде бақылауға, уақытша билік өкілдерімен, азаматтық қоғаммен және оппозициямен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Әлемде: АҚШ Венесуэлаға оралып, Иранға қатаң ескерту жасады, Колумбия мен Мьянмада апат болды
Фото: pixabay.com

Сонымен қатар Рубио Венесуэлада жеке инвестицияларға, әсіресе мұнай секторына қатысты шектеулерді жеңілдететін жаңа заң қабылданғанын айтты. Елде саяси тұтқындарды босату процесі басталып, алдын ала дерек бойынша 200-ге жуық адам еркіндікке шыққан. АҚШ тарапы бұл үдеріс баяу жүріп жатқанын, алайда тоқтамағанын атап өтті.

Мьянмада театр әртістері мінген автобус апатқа ұшырады: 12 адам қаза тапты

Әлемде: АҚШ Венесуэлаға оралып, Иранға қатаң ескерту жасады, Колумбия мен Мьянмада апат болды
Фото: pixabay.com

28 қаңтар күні Мьянманың Магуэ өңірінде жолаушылар автобусы терең шатқалға құлап, кемінде 12 адам көз жұмды. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, автобус ішінде шамамен 27 адамнан тұратын театр труппасының мүшелері болған.

Қазіргі таңда жарақат алғандар саны мен олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Жергілікті билік апаттың себептерін анықтап жатыр.

Колумбияда жолаушылар ұшағы құлады: тірі қалғандар жоқ

Әлемде: АҚШ Венесуэлаға оралып, Иранға қатаң ескерту жасады, Колумбия мен Мьянмада апат болды
Фото: ашық дереккөз/Airliners.Net

Колумбияда Beechcraft 1900 маркалы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 15 адамның барлығы қаза тапты. Ұшақ Кукута – Оканья бағыты бойынша рейс орындаған.

The City Paper басылымының мәліметінше, әуе кемесі Ла-Плайя-де-Белен муниципалитетінің таулы аймағынан табылған. Қаза тапқандар арасында Колумбия Конгресі Өкілдер палатасының депутаты Диоген Кинтеро мен депутаттыққа үміткер Карлос Сальседо болуы мүмкін. HK4709 тіркеу нөмірлі ұшақпен соңғы байланыс әуеге көтерілгеннен кейін 12 минут өткен соң үзілген. Қиын жер бедері мен қолайсыз ауа райы іздестіру жұмыстарына кедергі келтірген. Апаттың себептері анықталуда.

Не келісім, не соққы: Трамп Иранға қатаң ескерту жасады

Әлемде: АҚШ Венесуэлаға оралып, Иранға қатаң ескерту жасады, Колумбия мен Мьянмада апат болды
Фото: Ақ үй сайты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ядролық келісімге жедел түрде келуге шақырып, қарсы жағдайда ауқымды әскери соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ-тың ірі әскери кемелер тобы Иран бағытына бет алғанын жазды.

Трамптың сөзінше, егер Иран әділ әрі ядролық қарудан толық бас тартатын келісімге келсе, бұл барлық тарапқа тиімді болмақ. Сондай-ақ ол USS Abraham Lincoln әуе тасымалдаушы кемесі бастаған әскери флот қажет болған жағдайда күш қолдануға дайын екенін айтты. Айта кетейік, 2025 жылдың маусымында АҚШ Иранның бірнеше ядролық нысанына соққы жасап, ядролық қауіп жойылғанын мәлімдеген еді.

БҰҰ климатқа қатысты дабыл қақты: 2026 жыл шешуші кезең болуы мүмкін

Біріккен Ұлттар Ұйымы климаттың өзгеруіне қатысты кезекті ескерту жасап, алдағы бір-екі жыл адамзат үшін шешуші кезең болатынын мәлімдеді. Ұйым сарапшыларының айтуынша, жаһандық температураның өсуі қауіпті межеге жақындап қалған.

БҰҰ елдерді көмірқышқыл газының шығарылуын қысқартуға, жаңартылатын энергия көздеріне көшуге және климаттық саясатты жеделдетуге шақырды. Сарапшылар егер нақты шаралар қабылданбаса, табиғи апаттар жиілеп, азық-түлік қауіпсіздігі мен су тапшылығы мәселесі ушығуы мүмкін екенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы