Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлемде: АҚШ шешімі, қасіретті Газа, апатты аттракцион және ғажайып сәби

1 Тамыз 2025, 10:34
566
Бөлісу:

BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.

АҚШ–тың жаңа тариф саясаты

Әлемде: АҚШ шешімі, қасіретті Газа, апатты аттракцион және ғажайып сәби
pixabay.com

АҚШ президенті Дональд Трамп 68 мемлекет пен Еуроодақтан келетін импортқа қарсы тарифтер енгізді. Бұл тарифтер 7 күннен кейін, яғни шамамен 8 тамызда қолданысқа енгізіледі, ал альтернатива болмаса 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Тарифтер 10%-дан 41%-ға дейін әртүрлі болмақ. 

Мысалы, Индияға 25%, Бразилияға 50%, Тайваньға 20%, Канаданың кейбір тауарларына 35%. 

Бұл шара АҚШ-тың арнайы "Liberation Day" 90 елмен келісімінсіз тарифтер қатарының жалғасы ретінде аталады. Кей елдерге (мысалы, Мексикаға) 90 күндік келісім мерзімі ұсынылды. Қытайға 12 тамызға дейін мүмкіндік бар.

Осының нәтижесінде нарық әлсіреді. Мысалы Гонконг акциялары 1.1% төмендеді, валюта нарығында доллар нығайды.

Газа секторындағы адам шығыны 60 мыңнан асты

Әлемде: АҚШ шешімі, қасіретті Газа, апатты аттракцион және ғажайып сәби
pixabay.com

Израиль армиясы 2023 жылғы 7 қазанда Газа секторына басталған шабуылдарынан бері қаза тапқандар саны 60 239 адамға жетті. Бұл туралы Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Соңғы тәулікте 101 адам мерт болып, 625 тұрғын жарақат алған. Жалпы жараланғандар саны 146 894 адамға жеткен.

Еске салсақ, Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы 19 қаңтарда жасалған келісім 18 наурызда бұзылып, соның нәтижесінде Израиль аумаққа жаппай шабуылдарды қайта жалғастырған еді. Сол кезден бастап 9 071 палестиналық қаза тауып, 34 853 адам жарақат алған.

Министрлік мәліметінше, қираған ғимараттар үйіндісінің астында әлі де көптеген адамның денесі қалуы мүмкін.

Бір тәулік ішінде аштық салдарынан тағы 7 адам көз жұмған. Аштықтан қайтыс болғандардың жалпы саны 154-ке жетіп отыр, олардың 89-ы — балалар.

Сауд Арабиясындағы оқыс оқиға

Әлемде: АҚШ шешімі, қасіретті Газа, апатты аттракцион және ғажайып сәби
pixabay.com

Сауд Арабиясында саябақтағы аттракциондардың бірі сынып, онда отырған жиырмадан астам адам жарақаттанды.

Оқиға Таиф қаласындағы Green Mountain саябағында болған.

Желіде жарияланған видеоларда адамдар 360 Degrees деп аталатын аттракционға мініп отырғаны көрінеді. Бұл құрылғы әдетте жолаушыларды орындықтарына байлап, әуеге көтеріп айналдырады. Алғашында аттракцион қалыпты жұмыс істегеп тұрған. Бір сәтте аттракцион жоғары жылдамдықпен көтеріле бастаған кезде, темір көтергіш екіге бөлініп, платформа жерге гүрс етіп құлаған.

Орындықтар жерге қатты соғылғанда жолаушылар соққыдан жоғары ыршыған. Ал жақын маңдағы адамдар оқыс оқиғаны көріп шошып қалған.

Аттракционға мінген барлық 23 адам жарақат алған. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Қазір аттракционның құлау себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды.

Әлемдегі "ең жасы үлкен" сәби дүниеге келді

Әлемде: АҚШ шешімі, қасіретті Газа, апатты аттракцион және ғажайып сәби
BAQ.KZ

АҚШ-та 30 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан ұл бала дүниеге келді. Бұл сәби ресми түрде "ең кәрі жаңа туған нәресте" ретінде рекорд орнатты.

Бұл ерекше оқиғаның бастауы осыдан 31 жыл бұрын Арчедтер отбасында қаланған. Ерлі-зайыптылар бала сүюді армандағанымен, табиғи жолмен ата-ана бола алмады. Осы себепті Линда Арчед экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) клиникасына жүгініп, генетик мамандардың көмегімен төрт эмбрион жасалған. Солардың бірі бірден Линдаға салынса, қалған үшеуі мұздатылып, ұзақ уақыт бойы сақтауға жіберілді.

Бірінші эмбрионнан туған қызы бүгінде 30 жаста. Ал қалған үш эмбрион осы уақытқа дейін клиникада сақталып келді. Линда жыл сайын олардың сақталуына ақы төлеп отырды және оларды үнемі "кішкентай үміттерім" деп атаған.

Линда бастапқыда бұл эмбриондарды өзі көтеріп, босануды ойлаған. Алайда денсаулығының нашарлауына байланысты бұл арманын жүзеге асыра алмады.

Кейін ол осы эмбриондарды асырап алуға рұқсат беретін бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдады. Болашақта дүниеге келетін баланың отбасын таңдауға ұзақ уақытын арнады. Себебі ол жаңа туған сәби өзінің 30 жыл бұрын туған қызыyla қарым-қатынас жасай алатындай отбасында өскенін қалаған.

Ақырында Линда өзіне ұнаған отбасын тапты. Линдси мен Тим Пирс – бала сүюге мүмкіндігі болмаған ерлі-зайыптылар – эмбрионды асырап алуға ниет білдірген.

Нәтижесінде, Линда Арчедтің 30 жыл бойы сақталған эмбрионы Линдси Пирске сәтті көшірілді. Тоғыз айдан соң дені сау сәби жарық дүние есігін ашты.

Өзгелердің жаңалығы