Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл кемі 2060 жылға дейін жалғасады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілдері осылай деп отыр.
Олар Еуропаны мысалға келтіреді. Қазір құрлықта күн шыжып тұр. Испания мен Португалияда биыл бір жарым мыңнан аса адам көз жұмды. Ұлыбритания мен Францияда температуралық рекорд орнады.
Мамандар бәріне климаттың өзгеруі себеп дейді. Сондықтан әлем басшыларын қазба отынын пайдалануды азайту секілді шараларды қолға алуға шақырып жатыр. Әйтпесе климаттық дағдарыс салдарынан денсаулық сақтау саласына жүктеме артатынын ескертеді.