Әлемде адам саудасы қызып тұр

31 Қаңтар 2023, 15:51
1132
Бөлісу:
Әлемде адам саудасы қызып тұр
Фото: Арман Мухатов

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біздегі адам құқықтарының қорғалуы – жоғары деңгейде. Идеалды қоғам еш жерде жоқ. Қоғамда қарсы, келіспейтін адамдар да болуы керек. Адам құқықтарын қорғаудың жоспары жалғасын табады. Әріптестік қарым-қатынас қашанда қажет. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшеміз. Басқа да халықаралық ұйымдарға белсенді атсалысамыз. Соған байланысты еліміздегі заң мен адам құқықтарының сақталуын тек конституциялық нормалар ғана емес, Қазақстан бекіткен, ратификациялаған халықаралық келісімшарт нормаларына сәйкес іске асыруымыз қажет. Президенттің алға қойған мақсаты да осы, - деп атап өтті комиссия хатшысы Сыртқы істер министрлігінде өткен Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Еуропа Кеңесі сарапшыларының кездесуінен соң берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол адам саудасына қатысты бірқатар деректерді келтірді. 

Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, жыл сайын адам саудасына байланысты 150-дей қылмыстық із қозғалады. Өкінішке қарай, қозғалған қылмыстық істердің барлығы сотқа дейін жетпей қалады. Неліктен ол сотқа дейін жетпей қалады дегенге келсек. Адам саудасы – жасырын қылмыс. Ол әлемде табысы жағынан үшінші орында тұрған заңсыз бизнес екені белгілі.  Бірінші орында – заңсыз қару-жарақ сату, екінші орында – есірткі бизнесі тұр. Үшінші орында адам саудасының заманауи құлдықтың түрлері жатады. Халықаралық көші-қон ұйымы мен халықаралық еңбек ұйымының есептеуінше, тек қана мәжбүрлі еңбек қанауынан түсетін жылдық табыс 150-160 млрд долларға жетеді екен. Сондықтан мұндай іспен айналысатындар әрекеттерін жасыруға тырысады, - деді Тастемір Әбішев.

Айтуынша, еліміз адам саудасына қатысты халықаралық заң хаттамаларын негізге алады.

Қылмыстық кодексте адам саудасына байланысты 8 құрамы анықталған. Қылмыстық кодексте адам саудасына байланысты Палермо хаттамасын 2008 жылы ратификацияладық. Мұнда да адам саудасымен айналысқандар кінәлі деп танылғанда 16-18 жылға сотталады. Оларға ескіру әдісі, татуласу қолданылмайды. Балаларды саудаға салатындардың жауапкершілігі де қатайтылған, - дейді ол. 

Өзгелердің жаңалығы