Еуропа тұрғындарының жартысынан астамында артық салмағы бар. Әсіресе Мальта, Хорватия, Венгрия мен Чехиядағы жағдай алаңдатарлық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Хабар24 жазды. Мамандар оның бірнеше себебі бар дейді. Соның бірі адамдар аз қозғалатын болған. Оның үстіне дұрыс тамақтанбайды.
Әсіресе балалар семіздікке жиі шалдығады. Сондықтан ішкен асқа көңіл бөлу керек,-дейді мамандар.
Мәселені шешу үшін кейбір тамақ өндірушілеріне арнайы салық салу ұсынылды. Айта кеткен жөн, бүгінде әлемде 2 жарым миллиард адамның артық салмағы бар. Сарапшылар осылай жалғаса беретін болса, 2035-ші жылға таман көрсеткіш 4 миллиардқа жететінін ескертеді.