Әлем су тапшылығының задабын тартып отыр

13 Қараша 2023, 09:41
580
Бөлісу:
Әлем су тапшылығының задабын тартып отыр

Әлемде су тапшылығы мәселесінің өзектілігі жыл өткен сайын артып барады. Оған климаттың өзгеруі себеп. Өзендер тартылып, елді мекендерді құрғақшылық жайлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Францияның ең кедей аймақтарының бірі Майотта жұрты су тапшылығынан қатты зардап шегіп отыр. Тұрғындар ауыз суға жарымай отыр. 

Елде тырысқақ, ішек аурулары дендеп барады. Әбден әбігерге түскен халық наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар су басқаратын компаниялардан аймақты су ресурстарын жөндеп жолға қоюды талап етті. Метеорологтардың мәліметі бойынша, Майотта жалпы құрғақшылықтың алтыншы жылын бастан өткеруде. 1997 жылдан бергі ең құрғақ жыл болды.

Болгария Еуропада су тапшылығы бойынша екінші орында тұр. Елдегі су дағдарысы суды өндірістік қажеттіліктер үшін көп мөлшерде пайдаланудан туындап отыр. 

Осыған орай Болгария үкіметі елде суды пайдалануға шектеулер енгізді. Табиғи су қоймалары мен жасанды су қоймаларының бұзылуына орай, суды үнемдеуге қатысты шұғыл шараларды қолға алуда. Кейбір аймақтарда бау-бақшалар мен гүлзарларды суаруға, бассейндерді толтыруға тыйым салынған. Бразилия Бразилиядағы әйгілі Амазон өзеніне құятын Пуракеквара өзені жыл өткен сайын тартылып барады. Өзен суымен күнелтіп отырған ауыл тұрғындары енді не істерін білмей дал. Аймақта су жоқ. 

Елді қуаңшылық жайлаған. Ресми мәліметке сәйкес, қазір бұл аймақта су тапшылығының зардабын 100 мыңнан астам адам тартып отыр. Амазондағы құрғақшылық, Бразилияның оңтүстігіндегі су тасқыны сияқты, Тынық мұхитының жерүсті суларын қыздыратын Эль-Ниньо құбылысының нәтижесі, дейді сарапшылар.

Өзгелердің жаңалығы