Әлем Қазақстанға зор сенім артады – Тоқаев

28 Қаңтар 2025, 12:43
197
Бөлісу:
Әлем Қазақстанға зор сенім артады – Тоқаев
Фото: Ақорда

Әлем Қазақстанға зор сенім артады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізді “орта держава” ретінде таниды. Алайда бұл жоғары мәртебе тек сыртқы саясаттағы нақты нәтижелермен ғана емес, экономика, инвестиция, ғылым және технология салаларындағы жетістіктермен де бекітілуге тиіс, – деді Тоқаев.

Тоқаевтың сөзінше, қазіргі геосаяси жағдай - көршілермен (Орталық Азия және ЕАЭО елдерімен) ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді.

Бұл аймақтың және Қазақстанның бәсекеге қабілетін күшейтеді. Үкімет өнеркәсіп, көлік және логистика, ІТ сектор, агроөнеркәсіп кешені және басқа да салалардағы өзара тиімді байланыстар бойынша нақты шаралар әзірлеуі керек. Бұдан бөлек, Қытай, Ресей, АҚШ, ЕО, Таяу Шығыс, Азия елдерімен және басқа да мемлекеттермен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын айрықша назарда ұстаған дұрыс, – дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Өзгелердің жаңалығы