Зеленский Ақ үйге АҚШ-тың Украинаға әскери көмек ретінде салған қаражатының өтемақысы ретінде АҚШ-пен пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстарды бірлесіп өндіру туралы келісімге қол қою үшін келді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы мәліметті РИА Новости таратты.
Трамп Путинмен байланысын тамаша деп атады және келіссөзшілер Украина бойынша болашақ келісімнің параметрлерін талқылай бастағанын айтты.
АҚШ Украинаға көп қару жібергісі келмейді, Вашингтон қақтығыстың тоқтағанын қалайды, – деді Трамп.
Трамп Зеленскийге қақтығысты тоқтататын кез келді және Ресейдің де мұны қалайтынын айтты.
Сонымен қатар Украинадағы қақтығысты «өмірді сақтап қалу» және «көп ақша үнемдеу» үшін тоқтатқысы келетінін айтты, бірақ соңғысы ол үшін маңызды емес, - деп жазылған мәліметте.
Трамп АҚШ-тың Украинадағы қақтығысқа араласқанына өкінетінін және ол үшін жауапкершілік сезінетінін айтты.