Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Alem LLM: ChatGPT мен Gemini-ді басып озған қазақша модель

Әсел ӘБІЛБЕК
30 Шілде 2025, 10:46
1078
Бөлісу:
 er10.kz
Фото: er10.kz

Қазақстан қазақ тілінде жаңа Alem LLM тілдік моделін ойлап тапты. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл біздің үшінші тілдік моделіміз. Бірінші біз KAZLLM-ді ойлап тапқанбыз. Preside G42 компаниясымен тағы қазақша модель ойлап таптық. Осы жылы доктор Кайфулли келген кезде жаңа қазақ тіліндегі үлкен Alem LLM-ды жасадық. Бұл 246 миллиард параметрден тұратын ірі модель. Ол UI-Lightning атты үлкен тілдік модель негізінде құрылған, - деді ол.

Alem LLM елімізде қолданылып жүрген ChatGPT және Gemini секілді көшбасшы тілдік модельдерге қарағанда әлдеқайда қазақ тілінде мықты нәтиже көрсетіп жатыр.

Бұл тілдік модельді кез келген қолданушы өз қажетіне қарай пайдаланып, өнім жасауға қолдана алады. Аталған модельді мемлекеттік қызметтер арасында интеграция жасау үшін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бұл үлкен тілдік модельді жүктеп жатырмыз. Суперкомпьютер іске қосылғаннан кейін үлкен тілдік модельді біздің өнімдерге қолдануға мүмкіндік туындайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы