Астанада бокстан өтетін Әлем кубогының кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Оның нәтижесінде қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Ерлер мен әйелдер арасында әр салмақтағы боксшылар өз бақтарын сынайтын дода 30 маусымда басталады. Жекпе-жектер Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Күндізгі сессия сағат 14:00-де басталады.
Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары:
Ерлер
50 кг: Санжар Тәшкенбай – Шодай Кото (Жапония)
55 кг: Махмұд Сабырхан – Шин Чжэен (Оңтүстік Корея)
60 кг: Серік Теміржанов – Джейкоб Кассар (Аустралия)
65 кг: Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекель (Түркия)
70 кг: Абылайхан Жүсіпов – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан)
75 кг: Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада)
80 кг: Нұрбек Оралбай – Мұрад Аллахвердиев (Әзірбайжан)
85 кг: Бекзад Нұрдәулетов – Лахлан Лоусон (Аустралия)
90 кг: Сағындық Тоғамбай – Азиз Аббес Мухийдин (Италия)/Малакай Джорджес (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазы
+90 кг: Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)
Әйелдер
48 кг: Назым Қызайбай – Приянка Диллон (Канада)
51 кг: Алуа Балқыбекова – Дженифер Лозано (АҚШ)
54 кг: Әнел Сақыш – Татьяна Обермайер (Германия)
57 кг: Айдана Забынбекова – Джули Рамадан (Аустралия)/Алиса Мендоса (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазы
60 кг: Виктория Графеева – Аяка Тагучи (Жапония)
65 кг: Аида Әбікеева – Дион Бурман (Ұлыбритания)
70 кг: Наталья Богданова – Чану Тхокчом (Үндістан)
75 кг: Надежда Рябец – Вивиан Дом Сантос Перейра (Бразилия)
80 кг: Гүлсая Ержан – Рани Пуйя (Үндістан)
+80 кг: Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
Турнир Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.