Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр. Еліміз атынан сынға түскен Екатерина Айдова конькимен жүгіру бойынша әлем кубогі кезеңінің В тобының финалында топ жарды.
Olympic.kz ақпаратына қарағанда, ол 500 м қашықтық бойынша сынға түсті. Нәтижесінде тиісті қашықтықты 37,558 уақытта бағындырып, В финалында үздік атанды.
Ресейлік Кристина Силаева (37,769) екінші орынға жайғасса, жапониялық Маки Цудзи (37,845) үшінші орынға ие болды.
Бүгін ерлер арасында 1500 метрге жарысудан А тобындағы финалдық бәсеке аяқталды.
Бұл қашықтықта Қазақстан атынан Дмитрий Морозов сынға түсті. Ол жеңімпаздан 2.57 секундқа кеш қалып, 15-орын иеленді.
1500 метрге жарысудан америкалық Джоу Мантиа топ жарды. Екінші орында қытайлық Жонгиан Нинг, үшінші сатыда нидерландтық Томас Кролл.