Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады

22 Қыркүйек 2024, 10:34
1058
Бөлісу:
Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады
Фото: видеодан кадр

Тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Спортшы әзірге сүйіктісіне жасаған ұсынысы жайлы тіс жармады.

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды. 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті.

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанған.

Өзгелердің жаңалығы