Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды

19 Қыркүйек 2025, 19:46
801
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing аясындағы тұңғыш әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте көш бастаған Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары, жаттықтырушылары және федерация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министр ел абыройын асқақтатқан спортшыларды толайым табысымен құттықтап, бұл жеңістер жас ұрпаққа үлкен шабыт сыйлағанын атап өтті.

Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды

Мемлекет басшысы әлем чемпионатынан кейін сіздерді жеке қабылдап, құттықтады. Бұл – бокстың дамуына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың айғағы. Қазір біз боксты дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Жақын арада Ұлттық спорт университеті ашылады. Оның құрамында заманауи залдармен және төрт рингпен жабдықталған бокс кафедрасы жұмыс істейді. Бұл халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға жол ашады. Жаттықтырушылар штабына алдағы жарыстарға табысты дайындық тілеймін. Алда бізді Әлем кубогінің финалы, әлем чемпионаты, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары күтіп тұр. Әрине, басты мақсат – Олимпиада, – деді Ербол Мырзабосынов.

Жиын барысында отандық спорт пен бокстың дамуына үлес қосып жүрген сала мамандары мен әлемдік аренада ел намысын қорғаған спортшыларға құрмет көрсетілді.

Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды

Атап айтқанда, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен марапатталды. Федерация вице-президенті Дархан Қызайбаев, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, федерацияның атқарушы директоры Рауан Игенев, бас хатшысы Мерей Ақшалов, сондай-ақ ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов пен әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалинге "Құрмет грамотасы" табысталды.

Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды

Сонымен қатар Ербол Мырзабосынов бокстан әйелдер ұлттық құрамасының дәрігері Әйгерім Жекеева, ерлер құрамасының дәрігері Талғат Құқанов, дәрігер-физиолог Ерсұлтан Юлдашев және массажист Әлібек Әбіловтың еңбектерін ерекше атап өтіп, оларды министрліктің Алғыс хатымен марапаттады. Бұдан бөлек, Қазақстан бокс федерациясы тарапынан қаржылай сыйақы табысталды. Туризм және спорт министрінің Алғыс хаты чемпиондардың жеке бапкерлеріне де тапсырылды.

Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды

Ал Ливерпуль төрінде табысты өнер көрсетіп, жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлаған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Наталья Богданова және Елдана Тәліповаға "Құрмет грамотасы" мен Қазақстан бокс федерациясы тарапынан қаржылай сыйақы табысталды.

Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды

Айта кетейік, Англиядағы дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болған еді.

Еске салайық, бұған дейін бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды

Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.

Сондай-ақ, боксшы қыздарымыздың жеңіс биі трендке айналды

Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Әлем чемпиондарына құрмет: Қазақстан боксшылары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы