Әлем бойынша бірқатар әлеуметтік желі істемей қалды

4 Қазан 2021, 22:19
1716
Бөлісу:
Әлем бойынша бірқатар әлеуметтік желі істемей қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін кешкі сағат 22:00 шамасында әлем бойынша бірқатар әлеуметтік желі жұмыс істемей қалды.

Бейресми дерек бойынша facebook, whatsapp және инстаграм әлеуметтік желілері бүкіл әлем бойынша істемей қалған.

Кейбір адамдар біздің қосымшалар мен өнімдерге кіре алмайтынын білеміз. Біз жағдайды мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін жұмыс жасаймыз және қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз - делінген фейсбук әкімшілігінің твиттердегі парақшасында.

Естеріңізде болса, аталған үш әлеуметтік желі белгілі миллиардер Марк Цукербергке тиесілі.

Әзірге ақаудың неден шыққаны нақты айтылған жоқ. Десе де Қазақстанда YouTube, TikTok, Telegram каналдары істеп тұр.

Өзгелердің жаңалығы