Алексей Цойдың қызметінен босатылу себебі айтылды

20 Желтоқсан 2021, 09:34
2855
Бөлісу:
Алексей Цойдың қызметінен босатылу себебі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды.

Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Алексей Цой бұл қызметке былтыр, 2020 жылдың маусымында тағайындалған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Сейтжанқызы министрдің кету себебін айтты.

Өз өтініші бойынша басқа қызметке өтуіне байланысты босатылды, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы