Алексей Цой Қостанай облысының әкімімен кездесті

23 Қазан 2020, 02:40
1339
Бөлісу:
Алексей Цой Қостанай облысының әкімімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қос тарап Қостанай қаласында көпбейінді аурухана салу туралы меморандумға қол қойған. Бұл мақсатта биыл жалпы ауданы 20 гектар жер учаскесі бөлінді. 

Нысанның қуаты - 400 кереует-орын. 6 қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 67 мың шаршы метр. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен жүзеге асырылады. Жаңа аурухананың стационары бірнеше бөлікке жіктелген. 

Атап айтқанда, кардиологиялық бөлімге 90 кереует, неврология –65, хирургия –155, терапия –70, оңалту шаралары үшін 20 орын қарастырылған. Жаңа көпбейінді аурухана ең заманауи медициналық техникамен жабдықталады. 

МРТ, КТ, рентген, маммограф, остиоденситометр сынды құрал-жабдықтар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде сатып алынады.

Өзгелердің жаңалығы