Қазақстандық спортшы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атандым, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды.
Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті.
Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үздік үштікті АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер түйіндеді.