Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Александр Бублик ATP 250 турнирінде чемпион атанды

26 Шілде 2025, 19:49
829
Бөлісу:
 Джоэл Марклунд/AELTC
Фото: Джоэл Марклунд/AELTC

Александр Бублик Кицбюэльде ATP 250 турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 30-шы ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирде жеңіске жетті. Финалда ол әлемнің 100-ші ракеткасы, француз теннисшісі Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды. Бублик матч барысында бес эйс орындап, жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Казо жеті эйс соғып, бес брейк-пойнттың тек бірін жүзеге асырды.

Бұл жеңіс Бубликтің мансабындағы жетінші ATP титулы және 2025 жылғы маусымдағы үшінші жүлдесі болды. Жаңартылған ATP рейтингінде ол 25-ші орынға көтеріледі.

Өзгелердің жаңалығы