Александр Бублик әлемнің экс-бірінші ракеткасын ұтты

16 Шілде 2022, 23:22
1266
Бөлісу:
Александр Бублик әлемнің экс-бірінші ракеткасын ұтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ATP 250 турнирінің жартылай финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик Австралия теннисшісі Джейсон Кублермен бақ сынайды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өткен ATP 250 турнирінің 1/4 финалында әлемнің экс-бірінші ракеткасы, шотландиялық Энди Маррейді ұтып кетті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 46 минутқа созылды. Әлемнің 42-ші ракеткасы Бублик 11 эйс жасап, төрт брейк-понттың үшеуін жүзеге асырды.

Турнирдің жартылай финалында Александр Австралия теннисшісі Джейсон Кублермен бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы