Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты
Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты
6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -і бюллетень алды.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша: 1. Абай облысы бойынша – 69,57 % 2. Ақмола облысы бойынша – 71,63 % 3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11 % 4. Алматы облысы бойынша – 68,71 % 5. Атырау облысы бойынша – 63,28% 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03% 7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28% 8. Жетісу облысы бойынша – 68,01 % 9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12 % 10. Қостанай облысы бойынша – 73,45 % 11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48 % 12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03 % 13. Павлодар облысы бойынша – 65,09 % 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31 % 15. Түркістан облысы бойынша – 75,31% 16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69 % 17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79 % 18. Астана қаласы бойынша – 50,81 % 19. Алматы қаласы бойынша – 25,39 % 20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%
Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.