Трамп саудиялық ханзадаға: " Алдымда құрдай жорғалауы керек":

Трамп Саудия ханзадасын сынап, Кубаны АҚШ саясатының келесі нысанасы ретінде атады.

 whitehouse.gov Бүгiн 2026, 18:43
Бүгiн 2026, 18:43
91
Фото: whitehouse.gov

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман туралы өткір пікір білдірді. Ол саудиялық ханзадаға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, Кубаны келесі мақсат ретінде атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тhe Hill басылымы таратқан мәліметке сәйкес, Трамп Майамиде өткен Future Investment Initiative форумында сөйлеген сөзінде ханзада бұрын өзін бағаламағанын, ал қазір көзқарасын өзгертуге мәжбүр болғанын айтты.

Ол менің алдымда құрдай жорғалауы керек, – деді Трамп АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдіріп.

Оның айтуынша, тақ мұрагері өзін «құлдырап бара жатқан елдің сәтсіз президенті» ретінде қабылдаған, алайда жағдай өзгергенін алға тартты.

Ол маған жағымпаздануға мәжбүр болады деп ойлаған жоқ. Шынымен де, ойлаған жоқ. Ол мені елді құлдырауға әкелетін кезекті сәтсіз америкалық президент деп санады. Бірақ қазір ол маған ілтипат танытуға мәжбүр. Оған айтыңдар, маған сыпайырақ болғаны дұрыс, – деп қосты ол.

Сонымен қатар Трамп Куба АҚШ саясатының келесі «нысанасына» айналуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Мен қуатты армия құрдым. Мен оны ешқашан қолданбаймыз деп айтқанмын, бірақ кейде қажет болады. Айтпақшы, Куба – келесі, – деп атап өтті.

Наверх