Алдағы үш тәулікте күн жылына ма

26 Тамыз 2024, 17:02
362
Бөлісу:
Алдағы үш тәулікте күн жылына ма
Фото: Артём Чурсинов - архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 2024 жылғы 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыста жауын-шашынсыз болады, оңтүстікте ауа температурасы төмендейді.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағаймен жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жаңбыр күтіледі. Жоғары қысым алқабының енуімен еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында дауыл мен бұршақ жауады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіледі, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі: күндіз батыс аймақтарда 27-35 градус жылыға дейін; солтүстік-батыс аймақтарда 20-30 градус жылыға дейін; солтүстікте 17-25 градус жылыға дейін; орталықта 18-28 градус жылыға дейін; елдің шығысында негізгі температураның фоны 18-28 градус жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасының 22-30 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы